2024 жылғы 3 мамырға қараған түні Алматы қаласының шұғыл қызметтеріне Медеу ауданындағы «Құмбел» шыңынан екі адамның түсе алмай жатқаны туралы хабарлама келіп түсті, – деп хабарлайды Аikyn.kz
ТЖМ мәліметінде, 2004 жылы туған екі ер адам жолды таба алмай, құтқарушылардан көмек сұраған.
Оқиға орнына ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы жіберілді. Іздеу жұмыстары кезінде ұшқышсыз ұшу аппараты мен спутниктік байланыс құралдары қолданылды. Түнгі уақыт пен күрделі жер бедеріне қарамастан, құтқарушылар Көкжайлау шатқалынан шыңға дейінгі жолды жаяу жүріп өтті.
Екі азамат 2850 метр биіктікте табылды. Олар зардап шекпеген, медициналық көмекке мұқтаж емес. Құтқарушылар оларды Экопостқа дейін жеткізіп, кейін туристер өз бетімен үйіне қайтты.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз