Қызылордада құтқарушылар саусағы велосипедтің шынжырына қысылып қалған балаға көмектесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
112 желісіне бес жастағы баланың анасы қоңырау шалып, бала велосипед теуіп жүргенде, оның саусағы шынжыр мен жұлдыздың арасында қысылып қалғанын хабарлаған.
Бала саусағын өз бетінше босата алмаған. Анасы да сәбиге көмектесе алмады.
– Бірнеше минуттан кейін келген ТЖМ құтқарушылары екеуін де тыныштандырып, бензорездің көмегімен шынжырды кесіп, баланың саусағын босатты. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ, – делінген ақпаратта.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.