Қазақстан құрамасы жүзуден Афина (Грекия) қаласында өткен халықаралық турнирде сегіз медаль жеңіп алды.
Қазақстандық жүзушілер сегіз медаль жеңіп алды
Фото: ҰОК
193
оқылды

Алтын медальді Әділбек Мусин (100 метр баттерфляй), Ксения Игнатова (100 және 200 метр арқамен жүзу) иеленді.

Сондай-ақ Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден екінші орын алды. Күміс медальді Айбат Мырзамұратов (100 метр брасс), Аделаида Пчелинцева (50 метр брасс) жеңіп алды.

Максим Сказобцов (100 метр баттерфляй) пен Айбат Мырзамұратов (50 метр брасс) қола жүлдеге ие болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.