Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында айтты.
Елімізде шаруалар отандық тыңайтқыштармен толық қамтамасыз етілетін болады
205
оқылды

Премьер-Министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында агрохимия саласын дамыту жөніндегі шаралар талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев 2030 жылға дейінгі стратегиялық басымдықтардың бірі – қазақстандық фермерлерді ішкі өндіріс есебінен тыңайтқыштардың негізгі түрлерімен толық қамтамасыз ету болып саналатынын айтты.

«Қайта жаңғырту және жаңа жобалар есебінен 2030 жылға дейін жалпы тыңайтқыштар көлемі 4 млн тоннаға дейін ұлғайтылады», – деді министр. 

Сонымен бірге карбамид, калий хлориді және дикальцийфосфат сияқты жаңа тыңайтқыштар түрлерін өндіру жоспарлануда.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.