Сара Алпысқызына дәрігерлер де көмектесе алмай отыр.
Сара Назарбаеваның хал үстінде жатқаны рас па?
asiaplustj.info
18,679
оқылды

Еліміздің Тұңғыш Президентінің зайыбы Сара Алпысқызы  хал үстінде жатыр. Оған тіпті дәрігерлер де көмектесе алмай отыр. Ulysmedia.kz-тің хабарлауынша, бұл деректі Қазақстанның Тұңғыш Президентінің отбасына жақын жандар хабарлаған екен. 

Осыдан екі жыл бұрын ғана Сара Алпысқызы Назарбаева деген тегін тастап, қыз кезіндегі Қонақаева тегін қайта алған.

Сара Алпысқызы Назарбаева (қазіргі тегі – Қонақаева) – Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы жұбайы, қоғам қайраткері. Ол 1941 жылдың ақпанында Қарағанды облысында дүниеге келген. Жоғары білім алып, инженер-металлург мамандығы бойынша еңбек еткен. 1962 жылы Нұрсұлтан Назарбаевпен отау құрып, Дариға, Динара және Әлия деген қыздарды дүниеге әкелген.

1992 жылы ол «Бөбек» халықаралық балалар қайырымдылық қорын құрды. Қордың мақсаты – жетім, мүгедек және әлеуметтік тұрғыда осал топтағы балаларға жан-жақты көмек көрсету. Сонымен қатар  оның бастамасымен еліміздегі мектептерде "Өзін-өзі тану" пәні енгізіліп, балаларға рухани-адамгершілік тәрбие беру қолға алынды. Кейін пәнді оқу бағдарламасынан алып тастады. Сара Алпысқызының бастамасымен Қазақстанда "SOS – балалар ауылдары" халықаралық жобасы да іске қосылған болатын.