Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді.
Астанада өтетін Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық спортшылар анықталды
1,763
оқылды

Астанада өтетін Grand Slam әлемдік турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылардың есімі белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Турнир 9-11 мамыр аралығында өтеді. Қазіргі уақытта жарысқа қатысатын құрам толық бекітілді. Айта кетейік, 2024 жылғы Олимпиадада қола жүлде жеңіп алған Ғұсман Қырғызбаев, біршама уақыттан кейін халықаралық аренаға қайта оралады.

Ерлер:

  • 60 келі: Мағжан Шамшадин, Аман Бақытжан, Дәурен Суюкенов, Талғат Орынбасар
  • 66 келі: Ғұсман Қырғызбаев, Ердәулет Бозша, Бауыржан Нарбаев, Мирас Жонысов
  • 73 келі: Саясат Сейітқалиев, Қуан Барыс, Бақытжан Әбдурахманов, Есет Қуанов
  • 81 келі: Абылайхан Жұбаназар, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Азат Күмісбай
  • 90 келі: Аян Байғазы, Құдырет Досымов, Айдар Арапов
  • 100 келі: Марат Байқамұров, Бейбіт Мадеев, Бақжан Байтас
  • + 100 келі: Еламан Ерғалиев, Ерасыл Қажыбаев, Мәди Еділбаев, Жамбыл Тұрғыналиев

Әйелдер:

  • 48 келі: Диана Буркеева
  • 52 келі: Құндыз Жылқытай, Айшабибі Мұрадимова
  • 57 келі: Дина Мұханбет, Дана Әбдірова
  • 63 келі: Асылжан Орынбасарова
  • 70 келі: Аруна Жангелдина, Кристина Сотникова, Диана Телбаева, Анастасия Морозова
  • 78 келі: Нәзерке Тілеуханова, Замзагүл Файзолланова
  • + 78 келі: Ақерке Рамазанова, Толқын Тұрсынақынова

Аталмыш жарысқа әлемнің 48 елінен 400-ден астам спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Кіру тегін.