Жалдамалы жұмыс істеуге келген төрт адамның мәйіті табылды
Жалдамалы жұмыс істеуге келген төрт адамның мәйіті табылды
Фото: Интернеттен алынды
217
оқылды
Шымкентте төрт адамның мәйіті табылды, – деп хабарлайды КТК арнасы. Телеарнаның хабарлауынша, олардың Қазақстанға жалдамалы жұмыс істеуге келген Өзбекстан азаматтары екені анықталған. Құрылыс жұмыстарын істеуге келген олар Қазақстан аумағында бір түн ғана түнеген. Жиһаз цехының құрылысын жүргізуге Өзбекстаннан бес адамды арнайы алдыртқан кәсіпкер жұмысшылардың қауіпсіздігіне немқұрайды қараған. Жататын орын ретінде зат сақтайтын темір контейнерді босатып беріпті. Ішінде бірде-бір жылыту құрылғысы жоқ болғандықтан, гастарбайтерлер темір қоқыс жәшігіне от жағып, жылынған. Қолға түскен нәрсенің бәрін жылыну үшін жаға берген олар жабық контейнерде түтінге тұншығып қалған. Ыстан уланған төртеуі тіл тартпай кетсе, біреуі ауыр халде ауруханада жатыр. Шымкент қалалық ТЖД бастығы Нұрболат Дербісов: «Ол жерде қоқыс сақтайтын темірдің ішінде от жаққан сияқты. Өйткені жанған оттан шоқ қалған. Киімдерін құрғатқан болуы керек», – деді.