Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Германияның Висбаден қаласында өткен ITF W100 турнирінің чемпионы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жұптық сайыстың финалында Жібек Құламбаева мен латвиялық Дарья Семенистая чехиялық Джесика Малечкова мен Мириам Сконы жеңді.
Кездесу есебі – 4:6, 6:3, 11:9.
Бұл Жібек үшін ITF W100 сериясындағы қатарынан екінші жеңіс болды. Жалпы, Құламбаеваның еншісінде 40 ITF жүлде бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.