Ақмола облысы ТЖД 112 пультіне Атбасар қаласында 75 жастағы ер адамның ұзақ уақыт бойы есікті ашпай жатқаны туралы хабарлама түскен, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құтқарушылар дереу шақыру орнына шықты. Олар үш иінді баспалдақтың көмегімен үшінші қабатта орналасқан пәтерге балкон терезесі арқылы кіріп, еденде жатқан ер адамды тапты.
Оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
ТЖМ қарт адамдарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.