Британиялық The Telegraph басылымы Қазақстан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің астрологке 200 мың доллар, яғни 103 816 000 теңге төлегені және Наполеонның хаттарын 10 мың стерлингке сатып алғаны туралы жазды, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Басылым Freedom for Eurasia атты үкіметтік емес ұйымның Napoleon Complex деп аталатын баяндамасына сүйеніп отыр. Аталған құжатта Мәсімовті жемқор деп көрсетеді. Олардың мәліметінше, шенеунік қаржының көбін астрологтер мен өздерінің демалысына жұмсаған.
Ұйым 2014 жылы қазақстандық шенеуніктердің мыңға жуық электронды хаттарын бұзып, алғанын жазды. Олардың көрсеткен есебінде 2009-2014 аралығындағы электронды хаттарда Кәрім Мәсімовтің 20 миллион долларға дейінгі шығыны болғанын көрсетті.
Оның бір бөлігі демалуына жұмсалған қаржы – Париждегі Диснейлендке баруы, Ritz қонақүйіне тоқтауы, шетелдің өзінде бес нысаны болған, бірнеше Mercedes-Benz көлігі және Наполеонның хаттарын сатып алған. Сол Наполеон Бонапарттың жеке хаттары шамамен 100 мың фунт стерлингке алынған. Міне, соның ішінде ресейлік астрологке 2002 доллар төлеген. Ол 2008 жылы АҚШ-тың келесі президенті Хиллари Клинтон сайланатынын және 2018 жылы Мәскеу Ресейдің астанасы болудан қалатынын болжап берген.
The Telegraph Кәрім Мәсімовтің Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Тони Блэрмен бірге түскен фотосын жариялап, екеуара кездесіп, келісім жасасқаны айтылады.
Еске салайық, ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 2022 жылы қаңтар оқиғасынан кейін мемлекетке опасыздық жасады деген айыппен сотталып, 18 жылға бас бостандығынан айырылған.