Әнші Садраддин Болат жеке өмірі туралы сұраққа жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі Almaty Arena-да жеке концертінен соң қашан үйленетінін айтты. Ол мамыр айында жеке шығармашылық кешін өткізген болатын.
"Әзірге үйленген жоқпын. Жұмысымды істеп, бастаған мансабымды әрі қарай жалғастырамын. Адамымды кездестірсем, сіздерге айтамын. Әзірге жоқ. Бәрі Алланың қалауымен. Десе де, 30 жасқа дейін үйленсем деген ойым бар. Ғашық болып қалсам, ертерек үйленуім де мүмкін. Қазір нақты айта алмаймын. Уақыт көрсетеді", – деді әнші.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.