Елордада 7 мамыр күні мереке құрметіне концерттер мен әскери шерудің тікелей эфирі өтеді.
Астанада 7 мамыр күні әскери шеруді қайдан көруге болады?
Фото: @astana_newss
474
оқылды

Астанада 7 мамыр күні сағат 11:00-де Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды әскери шеру өтеді. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Шеру өтетін жерде қауіпсіздік пен бақылау шаралары күшейтіледі. Оған Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері, әскери іс-қимылдардың ардагерлері, ҚР Қарулы Күштерінің үздік бөлімшелері, құрмет қарауыл роталары, ҚР Қарулы Күштерінің, өзге де әскерлер мен әскери құралымдардың, әскери құқық қорғау органдарының және т.б. ардагерлері шақырылды. 

Елордада 7 мамыр күні мереке құрметіне концерттер мен әскери шерудің тікелей эфирі өтеді. Сағат 11:00-ден бастап үлкен LED экрандарда шеру бірден бірнеше орында көрсетіледі: 

1. Елорда әкімдігі ғимаратының жанындағы қалалық алаңда (тікелей эфир және мерекелік концерт);

 2. «Астана Арена» стадионының аумағында (тікелей эфир және мерекелік концерт); 

3. «Astana Music Hall» автотұрақ аумағы (Құмыра) Б.Момышұлы даңғылы, 1 (тек тікелей трансляция). Сонымен қатар, іс-шара республикалық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетіледі. 

Мына жайттарға назар аудару қажет: 

* Шеру өтетін ауданда көлік қозғалысы шектеледі. 

* Қозғалыс бағытыңызды алдын ала жоспарлауды және өзгерістерді ескеруді сұраймыз. 

* Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтауды сұраймыз. 

* Көрсетілген учаскелерден өту және жол жүру барлық іс-шара аяқталғаннан кейін қайта жанданады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.