Қазақ боксшысы осыған дейін 5 сәуірде шаршы алаңға шыққан болатын.
Боксшы Балауса Мұздыман 6 мамырда жекпе-жек өткізеді
Фото: Nomad Promotions
2,099
оқылды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Балауса Мұздыманның (7-0, 5 КО) қарсыласы анықталды. Отандасымыз 6 маусымда мысырлық Айя Рамаданға қарсы жекпе-жек өткізетін болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Балаусаның 6 маусымда Алматыда All Stars Boxing турнирі аясында кезекті жекпе-жегін өткізетінін хабарлаған болатынбыз. Алайда, оның қарсыласы бүгінге дейін белгісіз болып келген.

Айя Рамадан кәсіпқой бокста 4 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен. Балауса Мұздыман 7 жекпе-жектің бәрін жеңіп, 5 рет нокаут тіркеді.

Қазақ боксшысы соңғы рет 5 сәуірде шаршы алаңға шыққан болатын. Астанада өткен бокс кешінде ол филиппиндік Мария Тереза Пилиниді (7-2, 2 КО) төрешілер шешімі бойынша жеңді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.