Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс – желдің екпін алуы.
Найзағай ойнап, бұршақ жауады: 6 мамырға арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
3,205
оқылды

"Қазгидромет" РМК 6 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің болжамы бойынша ауқымды антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Тек еліміздің батысында, солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, батыста нөсер жаңбыр болып, арасында бұршақ түседі. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Еліміздің оңтүстігінде шаңды дауыл тұрып, батысында тұман болады деп болжанады.

Сондай-ақ, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстарында, Алматы облысының солтүстігінде, орталығында, Атырау өңірінің оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының орталығында, Қарағанды облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының орталығында, оңтүстігінде, Ақтөбе, Павлодар облыстарының оңтүстік-шығысында, оңтүстігінде Қостанай өңірінің солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Маңғыстау облысының орталығында, солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, Ақмола облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Абай облысының орталығында өрт қаупі жоғары болады. 

Түркістан облысының батысында, шөлейтті аудандарында, Қызылорда облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.