Жақында сүйіктісіне ұсыныс жасаған әнші Нұрлан Еспановтың ұлы Олжас Еспанов мешітте ақ некесін қидырды, – деп жазды Aikyn.kz.
Олжас Еспанов қуанышты сәті жайлы әлеуметтік желіде жазды.
«Бүгін некемізді Ерлан Ақатаев ұстаз қиды. Алла разы болсын ұстаз! Қайырлы, берекелі неке болғай!», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары жастарға бақыт тіледі.
«Құтты болсын!», «Бақытты болыңдар», «Түрлерің бір-біріңе ұқсайды екен», «Қадамдарыңызға гүл бітсін!», – деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.