Әнші денсаулығы сыр беріп, өнерден біраз уақыт алыстағанын айтты.
«Сиқыр жасалып, денемнен біраз нәрсе шықты»: Жігер Ауыпбаев жеке өмірі туралы айтты
Фото: ашық дереккөз
3,102
оқылды

Әнші Жігер Ауыпбаев жеке өміріне қатысты жағдайды баяндады, – деп жазды Aikyn.kz.

 

Өнер иесі журналист Анна Данченкоға сұхбат беріп, балаларымен араласып тұратынын жеткізді.

“Ең бастысы, пәтерімді беріп кеттім. Үйсіз-күйсіз жүрген жоқ. Балалармен араласып тұрамыз. Менің пранк жасап жатқанымды біледі. Әзіл ретінде түсінеді деп ойлаймын. Өнерге жақын”, – деді әнші.

Әнші денсаулығы сыр беріп, өнерден біраз уақыт алыстағанын айтты.

“3 жылдың ішінде басымнан көп нәрсе өтті. Қазір қалыпқа келдім. Тіпті достарыммен де араласа алмай, оқшауланып кеткен едім. Біраз уақыт ауырдым, ашығын айтқанда, менде сиқыр болды. Денеме белсіздікке жасалған сиқырлардан біраз нәрселер шығып кетті. Осы нәрселерден айыға алмай жүрдім. Сол мақсатта да Умраға жиі бардым, дем салдырдым. Ән дайын тұрады, бірақ шығара алмай, үйде жата бергім келді. Жұмыс бастайын десем, өнбейді. Сондықтан үзілістер болып қалды”, – дейді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.