Биыл Ұлы Отан соғысының ардагері Анатолий Назарович Попов 99 жасқа келді. Ол 1926 жылы 13 қаңтарда Алматы облысы Қаскелең қаласында дүниеге келген. Жастайынан әкесінін айырылған. Үйдегі төрт баланы анасы бір өзі өсірген. Сондықтан бала кезінен қиындықты көріп өсті.
1941 жылы дәл 10-сыныпқа барған кезінде оны әскерге шақыртты. Ол жақта әскери байланысшы мамандығын алып, 1943 жылы Балтық майданына жіберіледі.
Анатолий Назарович «Риганы азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да мерейтойлық наградалармен марапатталған.
Жеңістен соң Анатолий Назарович әскер қатарында қалып, қызметін жалғастырды. 1952 жылы Саратов әскери медициналық училищесіне оқуға түседі. Содан кейін Германияда қызмет етті. 1955 жылы Отанына оралып, 30 жылдан астам қалалық санитарлық-эпидемиологиялық станцияда жұмыс істеді. Жұбайы Тамара екеуі үш қыз тәрбиелеп өсірді. Бүгінде олардан тараған төрт немере, алты шөбере бар.