17 жастағы отандасымыз әлемдік рейтингіде бірден 32 сатыға көтерілді.
Теннис: Әмір Омарханов әлемдік рейтингіде бірден 32 сатыға жоғарылады
Фото: ҰОК
393
оқылды

Кәсіби теннисшілер қауымдастығының жаңартылған рейтингісінде қазақстандық спортшылардың орны анықталды. Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 75-тен 76-ға, Александр Шевченко 92-ден 97-ге сырғыды. Сондай-ақ Дмитрий Попко 155-тен 163-ке, Михаил Кукушкин 162-ден 165-ке, Тимофей Скатов 172-ден 181-ге, Бейбіт Жұқаев 208-ден 220-ға төмендеді. Есесіне Денис Евсеев 258-ден 257-ге ауысты. Өткен аптада Шымкент турнирінде сәтті өнер көрсеткен Әмір Омарханов 988-ден 956-орынға жайғасты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.