9-11 мамыр күндері бас қалада өтетін байрақты бәсекеге 49 елден 400-ден астам спортшы қатысады. Ал, ел намысын 26 ер, 14 әйел қорғайды. Елорда татамиінде Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаев бақ сынайды. Бұл оның Париж Олимпиадасынан кейінгі алғашқы жарысы болғалы отыр.
Сондай-ақ 60 келіде Мағжан Шамшадин, 73 келіде Есет Қуанов, 81 келіде Абылайхан Жұбаназар, 90 келіде Айдар Арапов, 100 келіде Марат Байкамуров және аса ауыр салмақта Ерасыл Қажыбаев сынды ел үздіктері бар. Ал бұрымдылар қатарында Диана Буркеева, Аруна Жангелдина, Кристина Сотникова, Ақерке Рамазанова сынды татами шеберлері бар. Ал Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева бұл жарысқа қатыспайды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.