STEM бағыты бойынша өткен турнирге АҚШ, Бразилия, Жапония, Аустралия, Германия сынды 50-ден астам елден оқушылар қатысты.
Ауыл мектебінің оқушылары Грекияда өткен халықаралық STEM байқауында жүлдегер атанды
Фото: Оқу-ағарту министрлігі
925
оқылды

Грекияның Софикон қаласында өткен FIRST LEGO League Challenge халықаралық чемпионатында Түркістан облысының Қазығұрт ауданынан барған ауыл оқушыларының құрама командасы екі бірдей номинация бойынша қола жүлдеге ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

STEM бағыты бойынша өткен турнирге АҚШ, Бразилия, Жапония, Аустралия, Германия сынды 50-ден астам елден оқушылар қатысты.

Нәтижесінде Қазығұрт ауданының командасы Robot Design Award және  Alliance Cup санаттары бойынша да қос бірдей 3-орынға ие болды. Команда құрамында: Сайлау Нұрасыл, Нұралы Даянхан, Ділдәбек Аружан, Камал Асылжан, Ақжол Нұрасыл, Асқарова Несібелі, Давронбек Гүлмира, Тайбек Балым, Елтай Өміржан бар.

Команданың жетекшілері – информатика пәнінің мұғалімдері Оразхан Бексұлтан, Устенов Нұрсұлтан, Тастан Ербол, Шералы Әлібек.