Қазақстан құрамасының теннисшісі Александр Шевченко Римде өтіп жатқан Италия ашық чемпионатының іріктеу кезеңінің финалында жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Olimpic.kz мәліметінше, Шевченко венгриялық Мартон Фучовичті екі сетте де ұтты. Ойын 6:4, 6:2 есебімен аяқталды.
Сондай-ақ, іріктеу кезеңінің барысында Шевченко аргентиналық Хуан Пабло Фиковичті де 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
Шевченконың «Мастерс» турнирінің бірінші айналымындағы қарсыласы кейінірек анықталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.