Актриса, әзілкеш Жұлдызай Дүйсенбиева он екі жылдан кейін "Алдараспан" театрында өнер көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.
Бір қызығы, актриса күйеуінің "Алдараспан" театры ұжымымен таныс емес екенін айтты.
"Иә, таныс емес. Өйткені мен тұрмысқа шыққалы бұл жігіттермен сахнаға шыққан жоқпын. Бірге араласып, құраласқан жоқпыз. Оның жасыратын ештеңесі жоқ. Сондықтан енді танысып жатыр. Көп босамаймын. Олардың бәрі Шымкентте", – деді Жұлдызай Дүйсенбиева "Жарқыраған жұлдыз" бағдарламасында.
Актриса театрға түбегейлі келмегенін, тек мерейтой қарсаңында өнер көрсетіп жатқанын атап өтті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.