Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан тікелей эфирде көрсетіледі.
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру сағат 10.45-тен телеарналардан көрсетіледі
aikyn.kz
400
оқылды

Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери шеру өтеді, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Салтанатты іс-шараға елімізге мемлекеттік сапармен келген Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Лам қатысады.

Әскери шеру сағат 10.45-тен бастап елордада және барлық облыс орталығында LED-экрандар мен республикалық телеарналардан, сондай-ақ Facebook, YouTube, Telegram әлеуметтік желілеріндегі Ақорданың ресми парақшаларынан тікелей эфирде көрсетіледі.

1. Елорда әкімдігі ғимаратының жанындағы қалалық алаңда (тікелей эфир және мерекелік концерт);

 2. «Астана Арена» стадионының аумағында (тікелей эфир және мерекелік концерт); 

3. «Astana Music Hall» автотұрақ аумағы (Құмыра) Б.Момышұлы даңғылы, 1 (тек тікелей трансляция). Сонымен қатар іс-шара республикалық телеарналардың тікелей эфирінде көрсетіледі, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Астанадағы Тәуелсіздік алаңында өтетін әскери шеруге 4 500-ден астам әскери қызметші, 300-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады.