Былтыр маусым айында Ақмола облысы Жолымбет ауылында 33 жастағы Зарема Оздоева із-түзсіз жоғалып кеткен. Ол түнгі ауысымнан кейін үйіне қайтқан. Тұрғын үйдің кіреберісіне кіргенімен, пәтеріне жетпей жоғалған. Сол сәттен оған іздеу салынады. Полицейлер, төтенше жағдай қызметкерлері, еріктілер мен көрші-қолаң бәрі бірге оны бірнеше күн бойы іздейді. Сөйтсе, келіншектің мәйіті дәл үйінің жанынан табылған. Мәйіттің қабырғалары сынған, аузы тілінген, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.
Яғни, қарсы беттегі көршінің бос тұрған пәтерінде, қоқыстың арасынан Зареманың мәйіті жатқан. Дәл сол жерде оның балалары өздеріне «пана» жасап, ойын ойнап, уақытын өткізген. Олар анасын сол жерде жатыр деп ойламаған.
Негізі пәтерді полицейлер тексерген, алайда Зареманы байқамаған. Бірнеше күннен кейін оның денесін еріктілер тауып алған.
Белгілі болғандай, Зареманы қарызы үшін сол құрбысының көңілдесі өлтіріп кеткен. Қылмыскер 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал қылмыс жайлы айтпаған құрбысы 2 жылға сотталды.
Марқұмның отбасы қылмыскерлерге қатаң жаза талап етуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram