Қостанай облысында учаскелік полиция инспекторы қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапты. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, марқұмның отбасына көңіл айтты.
"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде жол апатында қаза тапқан Қостанай облысы Полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Батырсаим Зайтиновтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын. Оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалады. Ішкі істер министрлігі оның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді”, – делінген жазбада.
Полиция қызметкері жол апатында қаза тапқан, басқа мәліметтер әзірге жарияланған жоқ.