Мемлекет басшысы Фридрих Мерцке құттықтау жеделхатын жолдады.
Тоқаев Фридрих Мерцті Германияның канцлері болып сайлануымен құттықтады
507
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев Фридрих Мерцті Германияның Федералдық канцлері болып сайлануымен құттықтады, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Aqorda-ға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Германияның Федералдық канцлері сайлауында жеңіске жеткен Фридрих Мерцке құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің ауқымы кеңейіп келе жатқанын ризашылықпен атап өтіп, қазақ-герман ынтымақтастығының жоғары қарқынын сақтау үшін бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін растады.