Әнші Тоқтар Серік жұбайы Бейбіт Сейдуәлиеваны туған күнімен ерекше құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші әлеуметтік желіде жарына деген тілегін өлең жолдарымен жеткізген.
«Бір мен үшін жайқалатын гүл егін,
Бір мен үшін жандың, талай түледің.
Мен қуансам сен балаша мәз болдың,
Мен сүрінсем, құламауымды тіледің.
Сенің туған күніңе арнап жарқыным,
Бар әлемнің жылулығын тіледім.
Өмір дейтін мына жарық мекенде,
Бірге соқсын жүрегіңмен жүрегім.
Туған күн құтты болсын, жаным», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары өнерлі отбасына бақыт тіледі.
«Бақытты болыңдар, сүйікті әншілерім», «Ақ жеңешем, туған күніңізбен. Ағамыздың мәңгілік музасы», «Елдің тілегімен қосылған қазақтың мақтанышы», «Жаңа жасы жақсылыққа толы болсын», - деп жазды желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.