Журналист Диас Ахметшәріптің денсаулығы Маңғыстау дәрігерлерінің бақылауында, – деп хабарлайды Aikyn.kz otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі журналист Диас Ахметшәріп инсульт алғаннан кейін комаға түсті. Дәрігерлердің айтуынша, оның жағдайы өте ауыр.
– Науқастың миына қан құйылған. Қазір ол ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы дәрігерлердің бақылауында. Пациенттің туыстарының рұқсатынсыз басқа ақпарат берілмейді, – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Еске салсақ, белгілі журналист Диас Ахметшәріп Ақтауға ІІМ жанындағы нашақорлыққа қарсы құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі кеңестің жұмысы аясында, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитетінің өкілдерімен бірге келген еді.
2-4 мамыр аралығында кеңес мүшелері – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, танымал спортшылар, медиа тұлғалар, сарапшылар, танымал блогерлер мен қоғам қайраткерлері – өңірде есірткіге қарсы іс-шараларға қатысып, нашақорлықтың алдын алу бағытында әдістемелік және практикалық көмек көрсетті.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.