Көп жерде ауа райы тұрақсыз болады.
«Қатты ыстық»: бүгін ауа райы қандай екені белгілі болды
1,021
оқылды

Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Және солтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады деп болжанып оыр. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды қатты дауыл соғады. Елдің солтүстігінде және солтүстік-батысында тұман түсуі мүмкін.

Сондай-ақ Алматы мен Жамбыл облыстарында күндіз қатты ыстық болады деп болжанып отыр.

Астанада күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз +28+30°C, желдің жылдамдығы – 3-8 м/с.

Алматыда күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз +31+33°C, желдің жылдамдығы – 3-8 м/с.

Шымкентте күн ала бұлтты. Ауа температурасы күндіз +33+35°C, желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с-ге жетуі мүмкін.