Дегенмен олар дінді құрметтеген.
Алаш қайраткерлері бес уақыт намазын қаза қылмады дей алмаймыз – Алаштанушы
Cabar Asia
641
оқылды

Бұл туралы алаштанушы Болат Мүрсәлім Aikyn.kz сайтына берген сұхбатында айтты.

- Егер ашығын айтсақ, Алаш қайраткерлері бес уақыт намазын қаза қылмайтын еді деп айта алмаймыз. Мысалы, Шәуешекке барған Ахмет пен Міржақыпты сондағы қазақтар «қаратаяқтарың намаз оқымайды екен» деп сөз етіпті. Дегенмен олар дінді құрметтеген. Гүлнәр Міржақыпқызының естелігінде Қызылордада айт күндері Ахмет Бірімжановтың үйіне, кейін Ахмет Байтұрсынұлының үйіне бәрі барып, айтшылайтынын жазады, - деді Болат Мүрсәлім.