Жерлестеріміз Шайбалы хоккейден Швецияның Уппсала қаласында Словенияға қарсы жолдастық кездесу өткізді.
Хоккейден Қазақстан құрамасы Словениядан жеңіліп қалды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
1,200
оқылды

Кездесу қарсыластардың сенсациялық жеңісімен аяқталды. Матч барысында жерлестеріміз 2:0 есебімен алда тұрды. Алайда словениялық хоккейшілер қатарынан үш шайба соғып кетті. Қорытынды есеп – 2:3.

Айта кетейік, қос құрама бұған дейін бес рет кездесті. Оның үшеуінде қазақстандық хоккейшілер жеңіске жетсе, екеуінде словениялықтар басым болды. Енді отандастарымыз әлем чемпионатындағы алғашқы ойынын 10 мамыр күні Норвегияға қарсы өткізеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.