Қазақстандық танымал әнші Өмірқұл Айниязовтың әкесі дүниеден озды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Арал ауданы әкімдігі, аудандық мәслихаты, Қоғамдық кеңесі және аудандық ардагерлер кеңесі, Арал өңірінің тумасы, әнші Өмірқұл Айниязовтың әкесі Айнияз Өтеген Әлиұлының дүниеден озуына байланысты отбасы мен туған-туыстарының қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады», – делінген Арал ауданы әкімдігінің хабарламасында.