Мұндай шешімді Ұлттық денсаулық сақтау агенттігі жариялады.
"Ауыз уылып, қызыл иек ісініп, жараға толды": Бразилияда Colgate тіс пастасын сатуға тыйым салынды
1,053
оқылды

Бразилияда Colgate Total Clean Mint тіс пастасын сатуға тыйым салынуы заңды күшіне енді. Бұған қатысты хабарламаны Ұлттық денсаулық сақтау агенттігі жариялады, – деп хабарлайды Аikyn.kz.

Осы жылдың басында бразилиялық қолданушылар әлеуметтік желілерінде Colgate Total Clean Mint тіс пастасына  жаппай шағымдана бастады. 

Олардың айтуынша, тіс пастасын пайдаланған соң ауыз уылып, күйіп, қызыл иек ісіп, жаралар қаптаған. Тіпті кейбірі дәрігердің көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.  

27 наурызда Ұлттық реттеуші әлгі тіс пастасын қолдануға және сатуға, яғни оның себеп-салдарын анықтап, толық тексеру жүргізгенге дейін уақытша тыйым салды. Алайда Colgate сотта бұл шешімге қарсылық білдіріп, уақытша тыйым салуды алып тастады.

Сәуір айының соңында компания апелляциялық шағымын қайтарып алды. Өндірушінің неге мұндай шешім қабылдағаны белгісіз. Дегенмен апелляцияны қайтарып алғандықтан уақытша тыйым салу туралы шешім қайта заңды күшіне енді.

Бірер күнде Ресейде Роспотребнадзор Colgate Total Clean Mint тіс пастасына қатысты шағымды бақылауда ұстайтыны анықталды. Қадағалау қызметі бұл тіс пастасы мемлекеттік тіркеуді, лицензияны немесе мақұлдауды қажет етпейтінін атап өтті. Тек декларациялаудан өткізсе жеткілікті екен.