Танымал әнші Мадина Сәдуақасова өзінің әскер саласына қатысы барын тілге тиек етіп, әскер шенінің барын айтты. Бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Әншінің әскери шені кіші сержант екен.
“Мен де әскери сала қызметкерімін. Запастағы прапорщикпін. Алдымен қатардағы Сәдуақасова болдым. Екі жылдан кейін кіші сержант атағын алдым. Әрең дегенде прапорщик болғанда ол атағым жойылды. Содан кейін қайтадан запастағы кіші сержант болуға тура келді”, – деп жазды әнші.
Айта кетейік, Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай 7 мамыр – Отан қорғаушы күнінде Астана алаңында әскери шеру өткен. Оған 4 мыңнан аса әскери қызметші қатысқан болатын.