Қайтыс болған Теректі ауданының прокуроры 1983 жылғы азамат екені белгілі болды.
Батыс Қазақстанда прокурордың мәйіті табылды
541
оқылды

БҚО Теректі ауданының прокуроры өз ауласында асылып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Аудан прокурорының суицид жасағанын облыстық прокуратура растады. 

– Бүгін, яғни 8 мамыр күні өз ауласында аудан прокурорының мәйіті табылды. Осы оқиғаға қатысты БҚО Полиция департаменті қылмыстық істі тергеуді бастады. Облыстық прокуратура марқұмның отбасы мен туыстарына көңіл айтады, – делінген БҚО Прокуратурасынан келген ақпаратта. 

Қайтыс болған Теректі ауданының прокуроры 1983 жылғы азамат екені белгілі болды.

Жанат Қайырғожина