Жамбыл облысының Шу ауданында полиция қызметкерлері көшеде адасып жүрген үш жасар баланы тауып алады. Оны үйіне апарғанда, анасы баласының жоғалып кеткенін байқамаған, – деп хабарлайды Аikyn.kz Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Анасы оны көре салып, “телефоным қайда” деп сұраған. Әйелдің бұл әрекеті желіде сынға қалды.
Желі қолданушылары әйелдің баласының халін сұраудың орнына телефонын іздегенін сынады.
"Мұндай аналарды есепке қою керек! Небәрі үш жаста болған бала үйіне аман келіп тұр. Ал ол болса телефонын іздеп отыр. Бей-жай қарамаған полиция қызметкерлеріне рахмет", – деп жазады желі пайдаланушылары.
Қазақстандықтар қазір көптеген ата-аналардың жауапкершілігі жоғын алға тартты.