Ол камера терезесінен қан жоса шүберекті қайта-қайта лақтырған.
"Анашым, көмектес!": Атырауда тергеу изоляторында аузын тіккен сотталушы күре тамырын кесті
www.istockphoto.com
1,206
оқылды

Оқиға 7 мамырда УГ-157/9 тергеу изоляторында болған. Куәгерлердің айтуынша, изолятор ғимаратынан айқайлаған дауысты естіген. Олар камера терезесінен қан жоса шүберекті қайта-қайта лақтырып, өткіншілердің назарын өздеріне аудартқан. 

Оны байқаған куәгерлердің ішінде әлгі сотталушының анасы болған. Ол 24 жастағы ұлының 7 мамыр күні таң атпастан қолының тамырын кесіп, аузын тігіп тастаған. Ол күні бұрын ғана ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша сотталған.

– Ұлым өзін рецидивист ретінде Қарағандыға қатаң режимдегі колонияға жібергенге наразылығын көрсетіп отыр.  Дәл сондай түрме Орал қаласында да бар, жазасын сол жерде өтей алады. Ол жерге үйімізге жақын. Қолымда кәмелет жасына толмаған екі балам бар. Сондықтан жұмыс істемеймін. Егер ұлымды Қарағандыға жіберсе, оған барып тұруыма мүмкіндігім болмайды", – дейді сотталушының анасы. 

Ол ұлының жазасын үйге жақынырақ жерде орындауды сұрап отыр