Ақтөбеде самокатты жалға беру арқылы құрылған қаржы пирамидасы анықталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты.
Жергілікті прокуратура бұл ақпаратты растады.
Қаржы пирамидасы Harmony Rider Technology атты инвестициялық жобасы ретінде жасырылған. Яғни, электросамокаттарды жалға беретін америкалық компания кейпінде ұйымдастырушылар адамдарды күнделікті 12 доллардан 690 долларға дейін табыс түсетініне сендірген. Егер жаңа қатысушыларды әкелсе, криптовалюта бойынша бонус берілетінін уәде еткен.
"Соның салдарынан 100 мыңнан астам адам алданған. Олардың жалпы шығыны – 197 миллион теңге. Түскен ақша бірден крипто әмиян мен банктік шоттарға түсіп отырған. Қылмыстық іс аясында 70 млн теңге көлеміндегі мүлік тәркіленді», – деп хабарлады Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі.
Қазір іс сотта қаралып жатыр.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі бірден үш пирамиданы анықтады: Warner Bros, Roborock және NFT+TRX.