Ширек финалда қазақстандық теннисші Аустралия өкілі Лизетт Кабрерамен кездеседі.
Зарина Диас теннистен Жапониядағы турнирдің ширек финалына жолдама алды
Фото: ҰОК
320
оқылды

Теннистен Қазақстан құрамасының өкілі Зарина Диас Жапонияның Фукуока қаласында өтіп жатқан ITF W35 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ҰОК мәліметінше, турнирдің екінші айналымында ол жапондық Рика Кикавададан басым түсті. Кездесу екі сетке ғана созылып, Зарина 6:0, 6:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіске жетті.

Ширек финалда қазақстандық теннисші Аустралия өкілі Лизетт Кабрерамен кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.