Жұбаныш Жексен қуанышымда өнер көрсетсін дейтіндер 1 жарым миллион теңгесін дайындап қойғаны абзал.
Қайрат Нұртас, Тоқтар мен Бейбіт, Айқын: танымал әншілерді тойға шақыру үшін қанша қаржы керек?
Фото: istockphoto.com
10,787
оқылды

Отандық өнер жұлдыздарының бір тойдан алатын гонорары еліміздегі орташа жалақыдан 10 есе артық.  Бұл туралы КТК жүргізген сауалнамада белгілі болды, – деп жазды Aikyn.kz. 

Тойдағы ең қымбат әншілердің бірі — Қайрат Нұртас. Оны тойға шақыру үшін 5 миллион теңгеңіз болуы керек.

Жанболат пен Жазираның гонорары 2 жарым миллион теңге. Бұл сомаға олар жас жұбайларды ортаға алып шығады және тойдың ортасында 4-5 хит әнін шырқайды.

Тоқтар мен Бейбітті тойға шақыру құны да 2 жарым миллион теңге. Алайда мерекелік шара өзге қалада болған жағдайда, қонақүй мен ұшақ билетін бөлек төлеуге тура келеді. Әнші Айқынның шарты да осындай.

Жұбаныш Жексен қуанышымда өнер көрсетсін дейтіндер 1 жарым миллион теңгесін дайындап қойғаны абзал.

Той-бизнестің жарқын өкілі Нұрлан Еспанов араларында ең арзаны екен. Оның өзі 1 миллион 200 мың теңгеге тойыңызда қонақ болып, өнерін паш етуге дайын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.