Қасым-Жомарт Тоқаевты Ресей президенті Владимир Путин Кремльде қарсы алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Бұдан соң мемлекеттер басшылары Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа қатысу үшін Қызыл алаңға беттеді.
Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Владимир Путиннің шақыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барды.