Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты, - деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатыспай тұрып, Қызыл алаңдағы парадта Қазақстан Қарулы Күштерінің сарбаздарына құрмет көрсетілді.
Әскери шеруге Қазақстан Республикасынан Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов атындағы Десанттық-шабуылдау әскері 37-ші бригадасының жауынгерлері қатысты.
Салтанатпен сап түзеген қазақстандық 80 сарбазды полковник Алмас Төлегенов бастап жүрді.