Қазақстандық үш дзюдошы Астанадағы Grand Slam турнирінің жартылай финалына шықты, – деп хабарлайды Аikyn.kz.
Бүгін Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында дзюдодан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирі басталды. 60 келіге дейінгі салмақта үш қазақстандық балуан аталмыш жарыстың жартылай финалына жолдама алды.
60 келіге дейінгі салмақта Мағжан Шамшадин бразилиялық Кристиан Сильваны ұтты. Ширек финалдық бәсекеде Талғат Орынбасар Өзбекстан спортшысы Достона Рузиеваны жеңді. Ал Аман Бақытжан франциялық Энцо Джинды тізе бүктірді.
Ғұсман Қырғызбаев ширек финалда оңтүстіккореялық Чаннен Кимді айқын басымдықпен жеңді. Енді ол финалға шығу үшін Қытай спортшысы Цзыян Семен күреседі.