Фотоны белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Facebook парақшасында жариялады.
Желіде Руслан Берденовтің қастандықтан кейінгі ауруханада жатқан фотосы пайда болды
1,941
оқылды

Желіде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовтің қастандықтан кейінгі ауруханада жатқан фотосы пайда болды, – деп хабарлайды Аikyn.kz. 

Суретті белгілі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Facebook парақшасында жариялады. Оның айтуынша, Шымкентке сапары барысымен барған. Содан Руслан Берденов жатқан ауруханада болып, жараланған әкім орынбасарымен жүздескен.  

"Руслан Берденов – өзім танитын және оның адалдығы үшін сыйлатын жалғыз саясаткер. Жақында оған қастандық жасалды, бірақ Құдайға шүкір, ол аман қалды. Қазір оның денсаулығы жақсы, көңіл күйі көтеріңкі. Бәрі ойдағыдай болғанына өте қуаныштымын!" – деп жазды Марғұлан Сейсембай.

Еске салсақ, 22 сәуірге қараған түні Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасалып, жамбас пен иық тұсынан оқ жарақатын алып, ауруханаға түскен.  Оған шұғыл түрде ота жасалды. Кейін әкімдік өкілдері шабуыл жасаған адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді.