Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін аяқ-қолын кесуге мәжбүр болған.
Базардан қақталған балық жеп, аяқ-қолынан айырылған Бота Бурханова оқиғасын айтып берді
malim.kz
355
оқылды

Бота Бурханова есімді жас келіншек былтыр жазда базардан алған қақталған балықты жеп, денсаулығынан айырылған. Ол журналист Жанар Байсемізоваға берген сұхбатында тағдырын күрт өзгерткен күн жайлы айтып берді.

Оның айтуынша, 3 тамыз күні балаларыммен базарға барған.

– Үйге келген соң балаларыма бермей, тек өзім жедім. Ертеңіне дене қызуым көтеріліп, құса бастадым. Бірақ аса мән бермедім", – дейді Бота.

Алайда келесі күні жағдайы күрт нашарлап, аяқ-қолы жансыздана бастаған. Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, бірден жансақтау бөліміне түскен.

"Дәрігерлер мені өледі деп ойлапты. Туыстарыма да солай айтқан. Аяқ-қолым қап-қара болып көгеріп кеткен. Қолдағы тамыр табылмай, мойныма ине салып, плазма мен наркоз жіберді. Сол сәттен бастап ми қызметі де әлсіреген", – дейді Бота.

Анасы қызының ауруханаға түскенін естіп, демалып жатқан жерінен елге оралған. "Египеттен ала келген зәмзәм суымен мені жуындырып, үздіксіз дұға оқыды. Содан кейін ғана жағдайым біртіндеп жақсара бастады", -  дейді ол.

Дегенмен Қазақстандағы емдеу нәтижесіз болған соң, туыстары Ботаны шұғыл түрде Түркияға апарған. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін аяқ-қолын кесуге мәжбүр болған.

"Алақанымды аман алып қалу үшін ішімнен тері кесіп алып, тігіп берді. Аяқтарыма 11 сағатқа созылған ота жасалды. Қатты қарайып кеткендіктен, ампутация жасауға тура келген", – дейді ол.