Дзюдодан Қазақстан құрамасының спортшылары Мағжан Шамшадин мен Аман Бақытжан Астанада өтіп жатқан Grand Slam турнирінің қола жүлдегерлері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, екі спортшы да 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде медаль жеңіп алды.
Шамшадин франциялық Энцо Джиннен басым түсті.
Ал Бақытжан әлем чемпионатының жүлдегері, оңтүстіккореялық Харим Лиден жеңісті жұлып алды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.