Волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желіде 3 жасар ұлының жетістіктері туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
"Мен ағылшын тілін оқып жатқанда ұлым қарап отырмай, әріп жазуға талпынды. Оның жасында мен топырақ жеп жүретінмін, ал ол ағылшынша жазып отыр", - деді спортшы.
Айта кетейік, Сабина Алтынбекова 2020 жылы кәсіпкер Саят Салманұлына тұрмысқа шыққан болатын. Бір жылдан кейін ұлды болды. Спортшы жақында ғана кәсіпкермен ресми түрде ажырасқанын растады.
Бүгінде волейболшы Индонезияның Yogya Falcons командасында өнер көрсетіп жүр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.