Дзюдодан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Ғұсман Қырғызбаев Астана қаласында өтіп жатқан Qazaqstan barysy Grand Slam турнирінің күміс жүлдегері атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз 2024 жылғы Олимпиадада қола медаль жеңіп алғаннан кейін алғаш рет халықаралық турнирде өнер көрсетті.
Ғұсман Қырғызбаев аталмыш жарыстың финалына дейін жетіп, ресейлік Рамазан Абдуллаевқа есе жіберді. Осылайша екінші орынға ие болды.
Айта кетейік, бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының еншісінде төрт медаль бар. 60 келіге дейінгі салмақта Талғат Орынбасар күміс жүлде иеленсе, дәл осы салмақ дәрежесінде Мағжан Шамшадин мен Аман Бақытжан қола медаль жеңіп алған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.