Дзюдошы Талғат Орынбасар Астанада өтіп жатқан Grand Slam сериясындағы турнирде Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші медальді салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Ұлттық олимпиадалық комитет мәліметінше, ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болды.
Финалда қазақстандық спортшы ресейлік Изнаур Сааевқа жол берді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының еншісінде үш медаль бар. Осы салмақ дәрежесінде Мағжан Шамшадин мен Аман Бақытжан қола жүлдегер атанды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.