Өнер иесі өмірде қателік жасап, одан сабақ алғанын айтты.
«Адамды сөз етуге қорқамын...»: әнші Қарлығаш Сұлтанша жан сырын ақтарды
Фото: instagram.com/kuanysh_karlygash
2,147
оқылды

Әнші Қарлығаш Сұлтанша әлеуметтік желіде адамды сынауға қатысты пікір білдірді, – деп жазды Aikyn.kz. 

Өнер иесі өмірде қателік жасап, одан сабақ алғанын айтты.

«Адамды сөз етуге қорқамын. Өйткені осы нәрсе басыма көп рет таяқ болып тиген. «Қазір біреуді сөз етсең, өзің сол адамның хәліне түспейінше өмірден өтпейсің» деген сөз бар ғой. Біреуді сынасақ, оның сезімін өзімізге сезіндіреді. Біреудің қазіргі хәліне баға бере алмаймыз. Себебі өмір бір сәтте бәрін төңкеріп жіберуі мүмкін. Бүгін сөзіңмен салмақтап, сырттай сынға алған адам ертеңгі өзің болуың әбден мүмкін. Сол хәлге түспейінше түсінбейсің. Сондықтан мейілінше елді сөз етуден қашу керек», - деп ағынан жарылды әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.